Қазгидромет: 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - 22 қаңтар күні республика аумағының батыс жағы жоғары атмосфералық қысым жағдайында болады, ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың шығыс бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, жекелеген аудандарда қар жауып, жел күшейеді, боран соғып, тұман түседі, көктайғақ орын алады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Жамбыл облысының жекелеген аудандарында бұрқасындатып, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең боранға ұласады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында күндіз кейбір жерлерінде 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді. Қарағанды облысының жекелеген өңірлерінде тұман күтіледі.