Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Алматы, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтілуде, Батыс Қазақстан облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысында кей жерлерде жел 18 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында күндіз қатты ыстық болады деп күтілуде.
Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.