Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке күшейді, жел екпіні 25 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Қостанай облысында түнде бірқатар жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның солтүстік бөлігінің көптеген өзендерінде мұз қалыптасу үрдісі жалғасады, соған байланысты республиканың шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде.
Қызылорда облысының аумағында Сырдария өзенінде өзен арналарын реттеу есебінен су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының су нысандарында жоғары температура аясында су жылынады деп күтілуде.