Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Алматы облысының кей аймақтарында тұман, көктайғақ орын алады, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында тұман, көктайғақ болып, боран соғады, жел 15-20 м/с-қа жетеді. Таңертең және күндіз жел екпіні 23 м/с-қа күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының жер-жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Атырау облысының кей өңірінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде.
Ақтөбе олблысында қатты аяз болады. Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей тұстарында аяз болып, Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде аяз қатты күшейеді.