Бүгін, 31 наурызда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және күндіз жел күшейіп, оның қуаты 23-28 м/с дейін барады деп күтілуде. Қостанай облысында да түнде және күндіз желдің екпіні секундына 15-20, кейбір аудандарда 25 метрге дейін барып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с дейін барады. Ал Жамбыл, Маңғыстау облыстарына тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аймағында найзағай мен тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 м болады деп күтілуде. Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрса, Алматы облысының жаланашкөл ауданында желдің күші 25м/с дейін барады деген болжам бар. Сондай-ақ Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының кейбір жерінде желдің екпіні 15-20 м/с деңгейінде болады.