Алматы, Жамбыл Маңғыстау облыстарының кей тұстарында тұман күтіледі, Жамбыл облысында көктайғақ болады. Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарының бірқатар жерлерінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақтөбе облысының бірқатар аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барып, бұрқасын болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде қатты аяз болады. Маңғыстау облыстарында түнде қатты аяз күтіледі, жер-жерлерде аяз қатты күшеюі мүмкін.