«Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен атмосфералық фронттар бірінен кейін бірі Қазақстан аумағы арқылы өтіп, өзімен бірге дымқыл және жылы ауа массаларын алып келеді. Сондықтан жауын-шашынға қарамастан, республикада қатты аяздар күтілмейді. Күн қысқа мерзімге суытып, кейін көп ұзамай солтүстік-батыстық тропосфералық ағымдар оңтүстік-батысқа ауысып, ауа температурасы қайта жоғарылайды. Осыған орай, Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ және көру мүмкіндігі 500 метрден аспайтын тұман сақталады», - делінген синоптиктердің ақпаратында.
13:13, 08 Қаңтар 2020
«Қазгидромет» 9-11 қаңтардағы ауа райы болжамын ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 9-11 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.