Қазгидромет 9 қарашада елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, екпіні күшті жел соғады. Астанада түнде жауын-шашын күшейіп, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Фото: Kazinform/ЖИ

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жезқазғанда жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысында жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағандыда жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, солтүстігінде аздаған қар, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Өскеменде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда түнде кей уақыттарда тұман түседі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетауда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр жауып, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі бар.

Шымкентте оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Павлодарда түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с-қа жетеді.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады.