Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, алдағы үш күнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз, ыстық болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық – 36-41 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 32-39 градусқа дейін болады. Батыс Қазақстанда ауа температурасы төмендефді: түнде 12-23 градус, күндіз 25-37 градус жылы. Қалған аумақта ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады.
Осыған дейін соңғы айлардағы ең қуатты геомагниттік дауыл жақындап келе жатқаны туралы жаздық.