Қазгидромет алдағы үш күннің күн райы болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM - Алдағы күндері Қазақстанның батыс өңірлеріне орталығы Самара қаласының үстінде орналасқан циклон әсер етеді. Циклон жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуіне себеп болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: Алматы әкімдігі

Республиканың қалған аумағында күн жаздағыдай жылы болады. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы аудандарда атмосфералық ағынардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Батыс өңірлерде ауа температурасының түнде 12… 21°С-тан 7… 16°С-қа дейін, күндіз 15… 25°С-тан 13… 23°С-қа дейін төмендеуі күтіледі.

Солтүстік-батыста түнгі температура 13… 20°С-тан 5… 15°С-қа дейін, күндіз 20… 30°С-тан 15… 25°С-қа дейін төмендейді.

Осыған дейін Атырау тұрғындарының қаланы жайлаған өткір иіске шағымданғаны туралы жаздық.