Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ай бойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында жел бағыты жиі алмасып отырады, ал батыс пен елдің оңтүстігінде жел екпіні наурыз айының бірінші жартысында күшейе түседі, сондай-ақ солтүстіктің жекелеген аймақтарында бұрқасын тұрады.
Республикамыздың солтүстік бөлігінде наурыздың ортасында тұман түсіп, ал айдың соңында кей жерлерде көктайғақ болады.
Наурыздың бірінші жартысында оңтүстік-батыс аймақтарды есептемегенде жауын-шашын мол жауады, ал айдың соңында жылы жаңбыр барлық аймақтарды қамтиды.
Алдын ала болжамдарға сәйкес 8 наурызда көптеген аймақтарда күн жылы болғанымен, жауын-шашынды болуы ықтимал. Астанада шамалы қар жауып, ауа температурасы күндіз -7°С суықты, ал Алматыда - күн жауын-шашынсыз 5°С жылылықты көрсетеді.