«Қазгидромет» алдағы тәуліктерде БҚО мен Атырауда қатты ыстықтар жалғасатындығы туралы ескерту жасады

СТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» алдағы тәуліктерде Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында ауа райы қысымының жоғары болатындығы туралы ескерту жасады.

Таратылған хабарламаға сәйкес, тамыздың 4-6 аралығында БҚО мен Атырау облысында күндіз, Цельсий бағамы бойынша 36 41 градусқа дейінгі қатты ыстықтар сақталады.

Ал Қазақстанның қалған аймақтары антициклонның ықпалында болады, республиканың тек шеткері оңтүстігі мен солтүстігінде ағымдардың ығысуы күтілуде.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Павлодар, күндіз Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады. Қызылорда облысында 18 м/с екпінде күтіліп отырған желге шаңды боран араласады.

Ал Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Қарағанды мен Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде қатты ыстық болады деп болжануда.

Сондай-ақ «Қазгидромет» бүгін, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым жерлерін және Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталатындығын ескертті.