«Қазгидромет»: Алдағы тәуліктерде елімізде күн бұлтты болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2017 жылдың ақпан айының 23-25 күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Кәсіпорынның мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның солтүстік облыстарында қар және күшті жел туындатқан атмосфералық ағымдар, Батыс Сібірге жылжып барады. Олардың ықпалымен антициклон жайылады, соның ықпалынан облыстардың басым бөлігінде аз ғана уақытқа күн бұлттанады.

Оның соңын ала атмосфералық ағымдардың әсерінен жақын тәуліктерде еліміздің батысында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. 25 ақпанада атмосфера ағымдары солтүстік өңірлерге де жетеді. Осы ретте, ауа температурасы климаттық нормадан 5-13ºС жоғары болады.

Елдің оңтүстік өңірлеріне атмосфералық ағымдар Каспийдің оңтүстігінен келеді. 25 ақпан күні мұнда жаңбыр жауып, ылғалды қар түсіп, тұман, көктайғақ болады. Мұндай ауа райы әсіресе таулар мен таулы аймақтарда аса қауіпті.