«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-батыста түнде – қар мен жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында кей кездері нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазақстанның солтүстік, шығыс облыстары ғана солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты мұнда күн ашық болады және температураның біртіндеп көтерілуі мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Шығыс Қазақстандағы тасжолдың 5 учаскесінде қар түсірілгені хабарланды.