Батыс облыстарда ауа райы бұлтты болып, алдағы тәуліктерде найзағай ойнап, жауын-шашын түседі, екпінді жел соғады. Циклонның шығысқа ығысуына орай республиканың басым бөлігінде осындай құбылыстар орын алады.
Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыста күндіз ауа райы 23-30 градус жылынса, республика шығысында 20-25 градус болады.
Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы
25 сәуір: ашық, жауын-шашынсыз. Жел - оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с. Түнде температура 5 7°С, күндіз 22 24°С болады.
26 сәуір: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде температура 9 11°С, күндіз 23 25°С.
27 сәуір: көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде температура 9 11°С, күндіз 18 20°С.
Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы
25 сәуір: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Температура түнде 10 12°С, күндіз 23 25°С.
26 сәуір: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Температура түнде 11 13°С, күндіз 27 29°С.
27 сәуір: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Температура түнде 11 13°С, күндіз 28 30°С.