Қазгидромет Алматы облысында су деңгейінің көтерілуі мүмкін деп ескертеді

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Қазгидромет Алматы облысында су деңгейінің көтерілуі мүмкін деп ескертеді.

«Жақын күндері Алматы облысының тау етегіндегі өзендерінде еріген қар мен жауын суы молаюы салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін», - делінген синоптиктердің болжамында.