«Қазгидромет» Астана қаласы мен екі өңірде ескерту жариялады
15:46, 28 Наурыз 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы мен Ақмола және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
28 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады деп болжануда. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.
29 наурызда Астанада оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күшейіп, секундына 15-20 метрге артады. Көктайғақ, бұрқасын, тұман болады деп күтіледі.
29 наурыз күні Қостанай облысында тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді. Көктайғақ, тұман болады.