«2016 жылы 1-14 қараша күндері Астанаға 31,8 мм қар және жауын-шашын түсті. Қараша айының нормасы - 28 мм. Алайда, бұл көрсеткіш Ақмола өңірі үшін еш ауытқушылық болып саналмайды, дүрлігудің қажеті жоқ», - деді «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің хабарлауынша, қазір елдің солтүстігі пен шығысындағы ауа райы тұрақсыз, қар жауып, боран соғады және жел күшейеді. 2016 ж. 15 қарашадан бастап, ҚР солтүстік өңірлерінде қар тоқтайды, ал шығысында әлі де жаууы мүмкін.
Ертеректе хабарланғандай, алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігіндегі ауа райы жауын-шашынсыз, бірақ суық болмақ, түнгі ауа температурасы 20...27ºС, кей жерлерде 30ºС дейін аяз болады деп күтілуде.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, қар жаууы мүмкін, шығыс желі мен боран күтілуде. Түнгі температура 5-15ºС дейін төмендейді. Бұл Қазақстанның барлық аумағындағы 5-13ºС дейінгі ең төменгі климаттық норма.