Қазгидромет: ауа райы суытады

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат – Мамырдың 22-сіне қараған түні Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде нөсер жауын жауады, солтүстік-батыстан секундына 18-23 метр қатты жел тұрады, секундына 25-30 метрге дейін ұйытқып жел соғады, мамырдың 23-іне қараған түні кей жерлерде 0-ден 3 градусқа дейін суытады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Солтүстік Қазақстан облысында мамырдың 22-сіне қараған түні 0-5 градус, мамырдың 23-і мен 24-і күндері 0-2 градус суықтық сақталады.Павлодар облысында мамырдың 22-сіне қараған түні жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 17-22 метр қатты жел соғады, секундына 18-23 метрге дейін ұйытқып жел тұрады, кей жерлерде температура 0-3 градусқа дейін төмендейді, мамырдың 23-і мен 24-і күндері суықтық сақталады деп күтілуде.Ақмола облысында мамырдың 22-сінде жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады, температура 0-ден 5 градусқа дейін төмендейді.