деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«Алдағы тәулікте (22 ақпан) күтіліп отырған қатты жауын-шашынға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының тау бөктерлеріндегі өзендерде су тасуы ықтимал», - делінген жедел ақпаратта. Солтүстік облыстарда суық туралы ескерту 2011 жылдың 17 ақпанынан бері күшін жоғалтпай отыр.
«Астана қаласында 19-22 ақпан аралығында ауа райы 28-33 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында аяз 30-35 градусқа дейін жетеді деп күтілуде», - деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ баспасөз қызметі.