М.Қынатовтың айтуынша, еліміздің Төтенше жағдайлар комитеті 2018 жылдан бері «Қазгидрометпен» бірге жыра, алқап, орман алқабтарын аралап шығу жұмыстарын қолға алған. Ал бұл бастаманы «Қазгидромет» көтеріп, ТЖК 4 ай өткеннен кейін ғана ортақ бұйрыққа қол қоюға келіскен.
«Синоптикалық болжам мәселелеріне қатысты айтар болсам, 31 наурызда Көкшетау қаласында 15 см емес, «Қазгидромет» болжамына сәйкес бірқалыпты, 4 мм аралас (жаңбыр, қар) жауын-шашын жауды. Жауын-шашын тек бір жерге жаумайды. Олар циклондардың ығысу траекториясы бойынша жауады. Диаметрі 500-3000 шақырымға жететін ауа райы жағдайын анықтайтын синоптикалық процестер циклон/антициклондардың ықпалына байланысты», - деді ол.
Оның атап өтуінше, тұрақсыз ауа райын (қатты жауын-шашын, жел, температураның тез түсуі және т.б.) анықтау деңгейі 7 күнге дейінгі аралықта құрайды. Сондықтан уақытын, орнын және циклонның туындау аралығын анықтауға арналған бір айлық болжамдар төменгі дәлдікке ие. Ал ведомствоның Гидромет орталығында 1, 3 және 7 күнге болжам (тиісінше 96% - 91%) жоғары делдікпен біріледі.
«Өкінішке орай атмосфералық процестерді, ауа райы болжамын жасаудың күрделі өзгешілігін түсінбеу Владимир Беккердің «Қазгидромет» болжамдарына қатысты қате пікірге түрткі болып отыр. 2018 жылдан бастап 2019 жылдың 4 сәуіріне дейін В.Беккермен іскерлік кездесулер барысында «Қазгидромет» болжамдарына наразылық білдіру болмаған. ТЖК басшылығын гидрологиялық болжау және ауа райын болжау бойынша жұмыстың өзгешілігімен танысуға шақырамын», - деді М.Қынатов.