18 желтоқсанда күндіз, 19 желтоқсанда тәулік бойы Қостанай, Ақтөбе облыстарында, 19 желтоқсан күні Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауып, бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді, кей жерлерде 30 м/с-тан асады деп күтілуде.
15:47, 18 Желтоқсан 2013
«Қазгидромет» бірқатар аймақтардағы күшті желге байланысты ескерту жариялады
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар аймақтарындағы ауа райының қолайсыздығы, күшті желге байланысты 18 және 19 желтоқсан күндеріне ескерту жариялайды.