Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауып, жел күшейеді, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман түседі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде -40-41 градус аяз болады. Маңғыстау облысында да - 25 градус аяз сақталады. Ақмола облысында аяз - 40 градус, Қарағанды облысында – -35-38 градус, Ақтөбе облысында – 35-36 градус, Атырау облысында - 30 градус, Түркістан облысының солтүстігінде - 25-27 градус, Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында - 25 градус аяз болады.