Жауын жауып, тек елдің батысында және оңтүстігінде ғана күн ашық. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болып, тіпті боран да соғады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында боран соғады.
Ақмола облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, түнде боран соғады, көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Кей жерлерге тұман түседі.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түседі.
Жамбыл облысында түнде және таң ата кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, екпіні 23 метрге жетеді.
Жамбыл облысында түнде қазанның 20-21 күндері бірқатар аумақтарда 1-3 градус аралығында үсік жүреді.
07:35, 20 Қазан 2018
Қазгидромет: Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қазанның 20-сы күні ауа райы бұрынғысынша құбылмалы болады.