Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, Қазақстан Республикасының басым бөлігіне жауын-шашын және қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын болуы ықтимал.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Жарминский ауылында желдің жылдамдығы секундына 25 м/с жетуі ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-қа күшейеді.