«Қазгидромет» бүгін Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райының бұзылатыны туралы ескерту жасады

СТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметі бүгін, наурыздың 27-сі күні Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райының бұзылатыны жайында ескерту жасады.

Мәселен, сенбі күні күндіз және түнде Ақмола облысының кей аумақтарында қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан секундына 17-22 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні 27 метрге дейін жетуі ықтимал.

Екпіні 30 м/с-қа дейін жететін күшті жел сондай-ақ, түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында да күтілуде.

Астана қаласында күндіз және түнде кей уақыттары қар жауып, жаяу борасын жүреді. Солтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Сонымен қатар «Қазгидрометтің» болжауынша, алдағы екі тәулікте (наурыздың 27-28) күтіліп отырған қатты жауынға байланысты, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау өзендерінде еріген қар мен жаңбырдың суынан тасқын болуы ықтимал.