Қазгидромет: Демалыс күндері елордада ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағын қамтыған аномалды жылу алдағы демалыс күндері сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін, ал Нұр-Сұлтанда термометр +35 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алдағы демалыс күндері, яғни 3-5 шілдеде республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және орталығында ауа температурасы түнде 15 23 градус, күндіз термометрлер 35 40 градус болады.

Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде 12 20℃ 17 25°С, күндіз 27 35℃ 30 38°С, ал оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстігінде түнгі температура 20 28°С, күндіз 35 45°С болады.