Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның нақтылауынша, Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарында қардың толассыз жаууы және қар қабатының орнықсыз жағдайына байланысты, қар көшкіні болуы ықтимал.
Төтенше жағдайлар министрлігі сондықтан да, қардың көшуіне себеп болмау үшін адамдарға тау бөктерлеріне шықпауға кеңес беруде.