Қазгидромет: Еліміздің солтүстігінде қар жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

16 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады.

15-16 қазан күнудері жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с айналасында болады, екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді.

Петропавлда 15-16 қазан күндері күндіз жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.