«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде екпінді жел, көктайғақ, тұманға байланысты ескерту жариялады.  

Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

Астанада 24 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

24 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын болады. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

24 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

24 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

24 желтоқсанда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Мұғалжар ауданында екпіні 15-18 м/с болады.

24 желтоқсанда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

24 желтоқсанның сағат 08.00-ден 24 желтоқсанның сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

24 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

24 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

24 желтоқсанда Павлодар облысының шығысында тұман түседі.

22-24 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Осыған дейін еліміздің кейбір өңірлерінде 35 градус аяз болатынын жаздық.