«Қазгидромет» елордадағы түтінге қатысты түсінік берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласының 24 мен 25 шілде аралығындағы атмосфералық ауасының жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердіңмәліметінше, Нұр-Сұлтанның атмосфералық ауасының мониторингі 10 бекетте, атапайтқанда, алты автоматтық бекетте және сынамаларды қолдан іріктейтін төрт бекеттеөткізілуде. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында жоғары және экстремалды жоғары деңгейдегіластану тіркелмеген.

24-25 шілдеаралығында таңертең және кешке аздаған жоғарылау байқалды. №6 автоматтық бекеттіңақпаратына сәйкес (Ақжол көшесі, «Астана Тазалық» ағынды сулар тұндырғысыаумағы), РМ – 2,5 қатты бөлшек бойынша - 1,0-1,8 шекті рұқсат етілгенконцентрация шамасындағы жоғарылаудың 30 жағдайы тіркелген (ең жоғарғысы 25шілдеде сағат 08:00-де). № 7 автоматтық бекеттің мәліметібойынша (Түркістан көшесі 2/1, РФММ), РМ-2,5 қатты бөлшек бойынша – 1,1-1,8 шекті рұқсат етілген концентрация шамасындағыжоғарылаудың 29 жағдайы тіркелген (ең жоғарғысы 25 шілдеде 08:20-да).

Синоптикалық жағдайға келер болсақ, 25 шілде күнітүнде Нұр-Сұлтанда солтүстіктен секундына 1-3 метр жылдамдықпен болмашы желесті, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 98-99%. 5 км-ден ары көрінбейтінтүтінді тұман түсті. 08:40-тан бастап өндірістік түтін қаптады, ауаныңсалыстырмалы ылғалдылығы - 70%.

Сондай-ақ, Павлодар облысы да соңғы екі күн бойы күйіктіңиісі аралас түтінге оранған.

Соңғы жаңалықтар