Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде аздаған бұрқасын соғады деп күтілуде, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с болуы мүмкін.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с соғады, күндіз жел екпіні 28 м/с болады.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейіп, түнде кей жерлерде жел екпіні 25 м/с болады.
Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында түнде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с болып, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.
Атырау, Маңғыстау облысында кей жерлерде түнде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ болады.
Жақын тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының оңтүстік аумағында өзен салаларын реттеуге байланысты Сырдария өзенінде су көлемі ұлғаяды деп күтілуде, Кергелмес ауылынан төмен су деңгейінің төмендеуі жалғасады. Қазақстанның солтүстік бөлігінің көптеген өзендерінде су бетінің бірте-бірте салқындауы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.