Қазгидромет: Қазақстанның бірқатар аймақтарында ескерту жарияланды

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап, республиканың бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жариялайды.

4 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады, жаңбырдың соңы қарға ұласып, боран соғады, көктайғақ болады, солтүстік-батыстан соғатын жел 17-22 м/с-ке күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.

5 желтоқсан күні Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында жауын-шашын болады деп күтілуде, жаңбырдың соңы қарға ұласады, боран соғады, көктайғақ болады, батыстан соғатын жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.