«Қазгидромет» мамандары сел қаупіне байланысты мониторинг жүргізіп жатыр

Фото: ҚР Экология министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» мамандары мамырдан қыркүйекке дейін созылатын сел қауіпінің күшеюі кезеңіне байланысты Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан болатын сел қаупіне мониторинг жүргізіп жатыр.

«Күн сайын консультациялар, болжамдар және ауа райына байланысты ескертулер қоса жүретін сел қаупі туралы бюллетень шығарылады. Ақпарат әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік уәкілетті органдарға және халыққа таратылымдар мен интернет-портал арқылы беріледі. Барлық деректер «Қазгидромет» РМК сайтында қолжетімді», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.