Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн тұрақсыз болады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, жаңбыр жауады.
Республиканың шығысында, оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша жел күшейеді.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, оңтүстікте және Алакөл көлдерінің ауданында желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 24-29 метр болады.
Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с жел соғады.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында күн күркірейді, солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.