Астана қаласы бойынша
7 наурыз күні күн құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз -1… 1°С.
8 наурыз күні құбылмалы бұлтты, ара-тұра жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз -1… 1°С.
9 наурыз күні құбылмалы бұлтты, ара-тұра қар, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°С, күндіз -4…-6°С.
Алматы қаласы бойынша
7 наурыз – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ, кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с соғады, кейде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -1… 1°С, күндіз 7… 9°С.
8 наурызда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 0… 2°С, күндіз 13… 15°С.
9 наурыз – құбылмалы бұлтты, кешке жаңбыр, түнде тұман, жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 3… 5°С, күндіз 13… 15°С.
Шымкент қаласы бойынша
7 наурыз күні күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман түсіп, жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз 12… 14°С.
8 наурыз күні құбылмалы бұлтты, ара-тұра жаңбыр жауады, жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с, ауа температурасы түнде 3… 5°С, күндіз 14… 16°С.
9 наурыз күні құбылмалы бұлтты, жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с, ауа температурасы түнде 4… 6°С, күндіз 10… 12°С.