Қазгидромет наурыздың 15-20 аралығындағы ауа райы болжамын жария етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстанда наурыздың 15-20 аралығында болатын ауа райы болжамын жариялайды.

Ақмола облысы

Ақмола облысында аталған уақыт аралығында ауа температурасы 5 10°С-тан 3 2°С-қа дейін төмендейді. Одан соң ақырындап -5 3°С-тан 0 5°С-қа дейін жылына түседі. Орта кезеңде ауа 5-13°С-ке дейін төмендеп, артынан 0-8°С жыли түседі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында күндізгі ауа температурасы 5 15°С-тан 0 8°С-қа дейін төмендеп, артынан қайтадан 3 11°С-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар түнгі ауа температурасы -11 3°С-ден 0 6°С-қа дейін жылып, артынан -3-13°С төмендейді. Облыстың оңтүстігіндегі өзендердің бассейндерінде қар мен мұздың еруі салдарынан су деңгейі көтеріледі. 16-19 наурызда жауын, қар жауады. Наурыздың 15-17, 19 күндері де жауын, қар жауады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз ауа температурасы 5 10°С-ден -3 2°С-қа дейін төмендейді. Одан соң 0 8°С-қа дейін жылиды. Түнгі ауаа температурасы -7 1°С-тан 0 5°С-қа дейін жылиды. Аралық кезеңде температура -5-13°С-қа дейін төмендеп, артынан 0-8°С-қа дейін жылиды.

15-17, 19 наурызда 6 мм жаңбыр, қар жауады.

Ақтөбе облысы

Күндізгі ауа температурасы 5 15°С-тан 0 8°С-қа дейін жылып, түнгі температура 0 8°С-тан -5-13°С-қа дейін суиды. Артынан 0-8°С суық болады. Өзендерде қар мен мұз еріп, өз кезегінде ол су деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.

16, 19-20 наурыз аралығында 3 мм қар мен жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысы

Ауа температурасы 10 18°С-тан 2 10°С-қа дейін суытады. Артынан 5 13°С-қа дейін жылиды. Түнгі температура 1 9°С-тан -3-11°С-қа дейін суытады. Болжамды уақыт аралығында қар, жаңбыр жауады.

Қостанай облысы

Күндізгі ауа температурасы 10 18°С-тан 2 10°С-қа дейін төмендейді. Артынан 5 13°С-қа дейін жылиды. Түнгі температура 1 9°С-тан -3-11°С-қа дейін суытады, болжам жасалған кезеңнің орта тұсына таман -3 5°С болады. Болжамды кезең бойынша қар, жауын жауады. Өзен бассейндерінде қар, мұз еріп, су деңгейі көтеріледі.

Түркістан облысы

Ауа температурасы 17 25°С-тан 12 20°С-қа дейін төмендейді. Түнгі температура 0 8°С-тан 5 13°С аралығында құбылып тұрады.

Жамбыл облысы

Күндізгі ауа температурасы 10 18°С-тан 15 23°С-қа дейін жылып, артынан 12 20°С төмендей түседі. Түнгі температура -3 5°С-тан 0 10°С-қа дейін жылиды.

Алматы облысы

Күндізгі температура 9 17°С-тан 15 23°С-қа дейін жылып, артынан 12 20°С-қа дейін суиды. Түнгі ауа температурасы -5 5°С-тан 0 10°С-қа дейін көтеріледі. Алматы облысының солтүстігі, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде қар мен мұздың еруіне соның салдарынан өзендердің суының көтерілуіне ықпал етеді.

Қызылорда облысы

Күндізгі ауа температурасы 9 17°С-тан 15 23°С-қа дейін жылынып, артынан 12 20°С-қа дейін суытады. Түнгі ауа температурасы -5 5°С-тан 0 10°С-қа дейін суытады.

Қызылорда облысындағы Сырдария өзені толықтай мұздан тазартылып, су деңгейі Шардара мен Көксарай су қоймаларының режимі бойынша реттелуде.

Шығыс Қазақстан облысы

Ауа температурасы 9 17°С-тан 15 23°С-қа дейін жылып, артынан 12 20°С-қа дейін аздап суиды. Түнгі ауа температурасы -5 5°С-тан 0 10°С-қа дейін жылиды.

Өңірдің су нысандарында мұз, тау етегінде қар еріп, ағын су басу қаупі туындайды.