Қазгидромет: Ресейдегі жарылыстан кейін ауада радиацияның артуы тіркелген жоқ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ресейдегі қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан кейін Қазақстанға тараған радиация туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Қазақстанаумағындағы радиациялық фон мен атмосфераның радиациялық ластану мониторингін жүзегеасырады. Ауа сынамаларын 5 тәулік бойы үздіксіз алу арқылыгамма-фон 85 бақылау пунктінде, бета-белсенді түсу тығыздығы 43 бақылау пунктіндеөлшеуден өтіп, Алматы қаласының аккредиттелген радиациялық зертханаларындағыкөлденең сүзгілерде өлшенеді. Бета-белсенді түсулердің зертханалық талдаунәтижелері 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейін жарияланатын болады», - делінгенкәсіпорын ұсынған мәліметте.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 8-14 тамыз аралығындаРесейдің Архангельск, Северодвинск аймақтарынан көшкен ауа массасы Оралтауларының солтүстік бөлігіне 12 км/сағ жылдамдықпен жылжып келген. Бірақ Қазақстантерриториясына жетпеген.

«14-19 тамыз аралығында Қазақстан территориясыныңбасым бөлігі жылы ауа массаларының ықпалында болып, Қазақстан арқылы Иранаймағынан, әрі қарай батыс Сібірге жылжыды», - делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ, кәсіпорын мамандары 8-19 тамыз аралығындаҚазақстанның Ресей Федерациясымен шекаралас облыстарында, яғни 55 бақылау пунктіндеөлшенген радиациялық гамма-фонның деректерін ұсынды.

Өңірлер

Гамма-фонның мәні, мкЗв/ сағ

Факт

Норма

БҚО

0,08-0,23

0,57

Ақтөбе

0,08-0,28

Қостанай

0,07-0,19

СҚО

0,10-0,16

Павлодар

0,04-0,24

ШҚО

0,08-0,21

Еске салсақ, тамыз айының басында Ресейдің Архангельск облысы Северодвинск қаласынан 30 шақырым жердегі әскери бөлімшеде жарылысболды. Ал одан үш күн бұрын Ресейдің Красноярск өлкесіндегі Ачин ауданындаорналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болып, өртшықты.

Соңғы жаңалықтар