Атлантикалық циклонның терең жырасы мен атмосфералық фронталды бөліктердің өтімен Қазақстанның басым бөлігінде жаяу бұрқасын жүріп, қар жауады, түнде шығыстың таулы аудандарында қалың қар түседі.
«Тек елдің батысында, оңтүстік-батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерімен күн жауын-шашынсыз болады. Республика аумағы бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, шығыс жартысында жел күшейеді»,-делінген хабарламада.