Қазгидромет: Республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде

None
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, деп хабарланған «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап, ҚР ТЖМ сайтында.

Қазақстанда бірқатар жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, ұйытқыған жел соғуы мүмкін, кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады, тек республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында шаң көтеріліп, дауыл тұруы мүмкін.

Қостанай облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Алматы, Жамбыл облыстарында, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында қатты ыстық болады деп күтілуде.

Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.