Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның ықпалымен жауын жауып, күн күркірейді. Республиканың кейбір өңірлеріне тұман түседі.
Алматы облысының бірқатар өңірінде түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Түркістан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, Жамбыл облысында күн күркірейді.
Қостанай, Қарағанды, түнде және таң ата Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.