«Қазгидромет» ШҚО-ның таулы жерлерінде қар көшкіндері болуы мүмкіндігін ескертеді
08:43, 12 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» Шығыс Қазақстан облысының таулы аумақтарында жел екпіні мен бұрқасынның күшеюіне байланысты,
қаңтардың 11-12-сі күндері бұл аумақтарда қар көшкіндері болу ықтималдығын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы себепті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі адамдарға тік әрі қалың қар басқан тау бөктеріне шықпауға кеңес береді.