Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, елдің орталығында, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысында, Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл,Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.