«Қазгидромет»: СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 20 қаңтар күніСолтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Петропавлда 20 қаңтардабұрқасын болады.Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі
Осыған байланысты ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын-алу мынадай үшін шаралар қабылдауды ұсынады:
Жылы бөлмеде болуға тырысыңыз;
Балаларды ерекше бақылауға алыңыз;
Елді мекендерден шығуға шектеу қойыңыз;
Автокөлікпен алыс сапарға шығуды тоқтата тұрыңыз;
Осы ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, ауру адамдар мен қарттарға көмек көрсетіңіз;
«Сіздердің назарларыңызға бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің 112 телефоны тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз. Ол арқылы төтенше жағдай мен оқиғаның қаупі туындаған жағдайда хабарласуға болады»,-делінген СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.