«Қазгидромет» тағы бір өңірде ескерту жариялады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 5 қаңтар күні Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

5 қаңтар күні Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с артатыны болжанады.

Еске салайық, синоптиктер бұған дейін Батыс Қазақстан облысында да күн райы бұзылатынын хабарлаған болатын. 5 қаңтарда өңірдің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұрқасын көтеріліп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Сондай-ақ боранға байланысты автожолдар жабылуда.