7 маусым күні Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейіп, ауа температурасы 41 градусқа дейін жетеді.
7 маусым күні таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Еске салайық, бұған дейін ескерту Батыс Қазақстан облысында жарияланған болатын.
«Қазгидромет» сондай-ақ еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендейтіні туралы хабарлады.