Қазгидромет төрт облыста ескерту жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 24 қараша күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысында да кей жерлерде боран соғуы ықтимал, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

24 қараша күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа жететіні болжанады. Кей жерлерде боран соғады.

Қостанай облысының жекелеген аумақтарында боран соғуы мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.