Болжам бойынша, алдағы күндері ел тұрғындары климаттық айырмашылықты айқын сезеді.
— Республиканың солтүстік өңірлеріне антициклон әсер етеді. Ол негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын сақтайды. Ал, оңтүстік өңірлерде жағдай керісінше: мұнда баяу жылжып келе жатқан оңтүстік циклоны ықпал етеді, күндізгі температура біртіндеп 10-15 градусқа дейін көтеріледі, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.