Қазгидромет: Жексенбіде республиканың барлық аумағында ауа температурасы аздап төмендейді

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-нің берген мәліметінше, ертең республиканың барлық аумағында ауа температурасының аздаған төмендеуі болады.

Батыс Қазақстан облысында ауа бағамы 1-3 градус жылылықты көрсетеді. Атырау және Маңғыстау облыстарында күн 5-7 градус жылы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысында ауа температурасы минус 1 градустан плюс 1 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында - 0 2 градус, Павлодар, Қарағанды облыстарында - 0 -2 градус болады, жаңбыр жауады.

Алматы облысында плюс 8-10 градус, Шығыс Қазақстан облысында плюс 3 -5 градус жылы болады, күн - құбылмалы.

Қызылорда облысында - 12 14, Жамбыл облысында 17 19, Оңтүстік Қазақстан облысында - 18 20 градус жылылықты көрсетеді, кей жерлерде күн құбылып, жаңбыр жауады.

Алматыда күн 11 13 градус, Астанада -1 1 градус жылы болады, күн  - құбылмалы.

Бүгін таңертең Астанада температура бағамы -2 градусты көрсетті. Түске қарай ол 1 3 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.