Кәсіпорын тартқан мәліметтерге қарағанда, фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
Елдің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығысында жауын, қар жауады. Тек ҚР батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, ҚР солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жаяу бұрқасындатады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады.
Алматы облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады, оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жаяу бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде және батысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі.